New Life Medical Centre
Русский

Клиника туралы

Депрессияға тест (PHQ-9)

Соңғы 2 аптада төмендегілердің әрқайсысы сізді қаншалықты жиі мазалағанын бағалаңыз.

1. Іске қызығушылық пен ләззат алудың аздығы

2. Көңіл-күйдің түсуі, мұң немесе үмітсіздік сезімі

3. Ұйықтап кету қиындығы, үзік-үзік ұйқы немесе, керісінше, шамадан тыс ұйқышылдық

4. Шаршау немесе күш-қуаттың жетіспеушілігі

5. Тәбеттің нашарлауы немесе шамадан тыс тамақтану

6. Өзіңіз туралы жаман ой — өзіңізді сәтсіз адам деп санау, өзіңізді немесе отбасыңызды ұятқа қалдырдым деген сезім

7. Кітап оқуға немесе күнделікті істерге зейін қоюдың қиындығы

8. Қимыл мен сөйлеудің баяулауы немесе, керісінше, ерекше әбігерлік

9. Өлген жақсы немесе өзіме зиян келтірейін деген ойлар

Маңызды

Онлайн-тест өз жағдайыңызды жақсырақ түсінуге көмектеседі, бірақ диагноз қоймайды: оны дәрігер әңгімеден кейін қояды. Қазір өте ауыр болса немесе өзіңізге зиян келтіру туралы ойлар болса — нәтижені күтпей, 103 немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Тест нәтижесін дәрігермен талқылау